Елордалық оқушылар Neo Science олимпиадасында топ жарды

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары Халықаралық Neo Science олимпиадасында топ жарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Америка Құрама Штаттарының Орландо қаласында өткен Халықаралық Neo Science олимпиадасында «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Neo Science олимпиадасына әлемнің 22 елінен 400-ден астам оқушы қатысып, ғылым мен инновация бағытындағы білімдерін сарапқа салды.
DIY (Do It Yourself) категориясы бойынша 7 сынып оқушылары Жандәулет Амангелді, Али Ертай мен Сүлеймен Мергенбаев алтын медальға ие болды.
Ал жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша 6-сынып оқушысы Айсана Саду, 8-сынып оқушысы Зере Саду, 7-сынып оқушылары Али Ертай және Адель Рахметова қола медальді қанжығалады.
Математика категориясында 8-сынып оқушысы Дәмелі Қазыбекқызы, 7 сынып оқушылары Жандәулет Амангелді және Сүлеймен Мергенбаев жүлделі қола медальға қол жеткізді.
Аталған нәтижелер «NURORDA» мектеп-лицейі оқушыларының ғылыми дайындық деңгейінің жоғары екенін және халықаралық білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді.



