Елордалық оқушылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында топ жарды

Алматы қаласында 10-15 қаңтар аралығында дәстүрлі Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы ең беделді халықаралық білім сайыстарының бірі саналатын бұл олимпиадада әлемнің түрлі елдерінен келген дарынды оқушылар өзара бақ сынасты. Аталған зияткерлік додаға Астана қаласынан 25 оқушы қатысып, олардың 14-і жеңімпаз бен жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Нәтижесінде елордалық оқушылар 6 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Физика пәні бойынша нәтижелер
Алтын медаль иегерлері:
• Нұргүл Егенбергенова – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Ілияс Қазымбек– «Spectrum» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Мұхаммедали Жұмаділ – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Мерген Сабыров – «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
Күміс медаль иегерлері:
• Григорий Мальцев – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Иван Рудик – «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
• Даниэль Төлебаев– «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Сұлтан Дарханұлы – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Математика пәні бойынша
Күміс медаль:
• Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Информатика пәні бойынша нәтижелер
Алтын медаль иегерлері:
• Алдияр Сейтбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
• Максим Цой – «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
• Абдуррашид Аршинбек – «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Әділжан Саламат – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
• Әлфараби Алмас – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы бұл жетістіктер – елордалық білім беру ұйымдарында дарынды оқушыларды қолдау мен сапалы білім берудің жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.
16 қаңтар 2026
16 қаңтар 2026
16 қаңтар 2026
15 қаңтар 2026
15 қаңтар 2026



