Қоғам

Елордалық өндіріс кешенінің 10 жылдығы атап өтілді

Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында еліміздің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі – Kazakhstan Paramount Engineering компаниясының 10 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2015 жылы құрылған бұл кәсіпорын бүгінде Қазақстан мен тұтас Орталық Азия аумағындағы дөңгелекті бронетехника шығаратын жалғыз өндірістік кешен ретінде танылып отыр. Он жыл ішінде компания заманауи әскери техника өндірісін жолға қойып, еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік саласының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Компания толыққанды өндірістік циклге ие. Яғни жоба әзірлеуден бастап дайын өнімді шығаруға, оны сервистік қолдау және кейінгі техникалық сүйемелдеуге дейінгі барлық кезеңді өз базасында жүзеге асырады. Осылайша Қазақстан аумағында бәсекеге қабілетті, заманауи брондалған дөңгелекті техника шығару ісін жүйелі түрде дамытып келеді.
“Kazakhstan Paramount Engineering” ЖШС құрылтайшысы, Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы Айбек Барыс өз сөзінде кәсіпорынның әлеуетіне тоқталып, компанияның он жылдық белесімен құттықтады.

— Біздің компания Қазақстан территориясында заманауи әрі жоғары технологиялық бронетехниканы толық өндірістік циклмен әзірлеп, оны сервистік қолдаумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ түрлі міндеттерді орындауға арналған дөңгелекті бронды машиналардың жаңа үлгілерін дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келеміз. Қазіргі таңда біз жылына 350 бірлікке дейін әскери техника шығара аламыз. Зауыт іске қосылғалы бері «Арлан», «Terrex-Barys A», «Алан–2 MRAP» және 6х6, 8х8 дөңгелек формулаларындағы «Барыс» сериялы машиналарын сәтті өндіруде,-деді.

Мерейтой аясында компанияның он жылдық еңбегінің нәтижелері, өндірістік жетістіктері, техника үлгілері және болашақ даму жоспарлары жұртшылыққа кеңінен таныстырылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button