Астаналық мергендер Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
Түркістан қаласындағы «Атшабар» көпфункционалды спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Халықаралық деңгейдегі жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Үндістан, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей және Тайланд елдерінен келген спортшылар қатысты. Жалпы саны 10 мемлекеттен 110-ға жуық мерген бақ сынады. Чемпионатқа 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысты.
Жарыс үш бағыт бойынша өтті:
• Пута нысанасы (9 оқ, 7 мүмкіндік)
• Орта Азия нысанасы (7 оқ, 9 мүмкіндік)
• Жамбы нысанасы (5 оқ, 5 мүмкіндік)
Барлық қатысушыаталған үш нысана бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының мергендері жүлделі орындарға ие болды.
Орта Азия нысанасы бойынша:
• Сабыржан Фариза – 1 орын.
Жамбы нысанасы бойынша:
• Батихан Айкөркем – 2 орын.
Пута нысанасы бойынша:
• Фариза Сабыржан – 2 орын;
• Айкөркем Батихан – 3 орын;
• Қасымхан Қанат – 3 орын.



