Ел тынысы

Елордалық каратэшілер 15 алтын медаль жеңіп алды

Алматы қаласында каратэ-до кекушинкайдан өткен «Әлемдік гран-при» халықаралық турнирінде Астана қаласының спортшылары ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz..

Ауқымды додаға Пәкістан, Тунис, Ресей, Иран және Қазақстанды қоса алғанда, 8 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Жарыс татамиіне 6 жастан 18 жасқа дейінгі жас каратэшілер шықты.

Астаналық жас спортшылар жоғары дайындықтары мен табандылықтарының арқасында жалпы командалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, 15 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button