Білім

Астанадағы гимназияда «Мектеп омбудсмені» жобасы іске қосылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық №6 гимназияда «Мектеп омбудсмені» жобасы іске қосылды. Бағдарлама прокуратура және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің басшысы Тархан Закариннің айтуынша, жобаның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін нығайту, құқықтық санасын және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетігін құру.

«Мектеп омбудсмені – балалар мен ересектер арасындағы байланыстырушы буын. Бала әрдайым өз қиындығын мұғаліміне немесе ата-анасына айта бермейді, мұндай жағдайда сенім артуға болатын, қолдау көрсетіп, көмек бере алатын құрбы-құрдастың рөлі маңызды. Мектепте омбудсмен институтын енгізу буллингтің және басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алып, білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Тархан Закарин.

№6 гимназияның алғашқы омбудсмендері ретінде жоғары сыныптың бес оқушысы таңдалды.

«Адамның бәрі әртүрлі болғандықтан, олардың арасында жиі келіспеушіліктер туындайды. Ал біз мектепте әрдайым жақсы көңіл-күй орнағанын қалаймыз. Бұл – біздің мақсатымыз. Мектеп парламентінің Instagram парақшасында біздің аккаунттарымыз бен байланыс нөмірлеріміз жарияланған. Біз әрдайым жауап беріп, қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді мектеп омбудсмені Лера Солод.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button