Елордалық дәрігерлердің біліктілігін арттыруға басымдық берілуде

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жүктеген міндеттерді іске асыру мақсатында елорданың медициналық мекемелерінде медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Президент өз Жолдауында денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру және ауылдық медицинаны жаңғырту сияқты басым бағыттарға ерекше назар аударды.
Аталған бастамаларды жүзеге асыру аясында елордалық медициналық ұйымдарда мамандардың біліктілігін арттыруға және кадрлық әлеуетті ынталандыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді. Бұл шаралар заманауи, қолжетімді әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға және қала тұрғындарының қажеттіліктеріне барынша жауап беруге арналған.
Сонымен қатар Жолдауды жүзеге асыру шеңберінде жастарды қолдауға, әлеуметтік және медициналық реформаларды дамытуға бағытталған жұмыс кездесулері мен үйлестіру іс-шаралары жалғасып жатыр.
Ерекше мән медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға беріліп отыр.