Ел тынысы
Елордалық боксшы Азия чемпионы атанды

Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста ел намысын қорғаған елордалық спортшы чемпион атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
90 келі салмақта ел намысын қорғаған елордалық спортшы Темірлан Мұқатаев ақтық бәсекеде өзбекстандық боксшы Шохрух Абдумаликовты 3:2 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.
Сонымен қатар, жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасында жерлесіміз Ақбота Есімбекова қола медаль иеленген болатын.
Айта кету керек, аталмыш турнирге 26 елден 400-ге жуық жас спортшы қатысты. Турнир бүгін аяқталады.
Бұл жарыс – World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін алғашқы құрлықтық біріншілік.