Елорда тынысы

Елордадағы хоккей мектебі Қазақстандағы үздік деп танылды

Қазақстан хоккей федерациясы 2024-2025 маусымының қорытындысын шығарып, Астанада үздіктерді марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Маусым қорытындысы бойынша Астана әкімдігіне қарасты №10 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған шайбалы хоккей спорт мектебі «Қазақстан Республикасындағы үздік хоккей мектебі» атағын иеленді.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері Сергей Радюк пен Ринат Нұрахметов, сондай-ақ мектеп директоры Диас Маржікпаев қатысты.

Федерация елордалық мектептің жетістіктерін атап өтіп, бапкерлерге, спортшыларға және ата-аналарға адалдығы, командалық рухы мен қазақстандық хоккейдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

«Бұл жоғары марапат – біз үшін үлкен мәртебе. Ол жас хоккейшілерді тәрбиелеу, жүйелі жұмыс жүргізу және команданың республикалық деңгейдегі жетістіктерінің мойындалуы болып табылады», – деді мектеп директоры Диас Маржікпаев.

Айта кетейік, өткен маусымда елордалық команда Республикалық Jastar Hokei Lygasy-да сенсациялық түрде чемпион атанған болатын.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button