
«Биыл 10 678 жасты жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде 4 000 адам жұмыспен қамтылады, 1 873 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберіледі, кәсіптік оқытуға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында 1 805 адам қамтылады, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау іс-шараларымен 3000 мектеп оқушысын қамту жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта 5 753 жас (3 673 әйел, 2 080 ер адам) жұмыссыз ретінде есепте тұр, оның ішінде 1 527 адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушылары, 2 426 – жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар, 1 800-і – белсенді жұмыс іздестіруде», – дейді Олжас Омар.
Ол сөзін жалғай отырып, субсидияланатын жұмыс орындарына 1 438 жас жіберілгенін, оның 320-сы «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алғанын, 104 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1 014-і қоғамдық жұмыстарға жіберілгенін айтты.
Кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 934 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті, ал skills.enbek.kz порталында 339 жастар сұранысқа ие дағдыларды үйренді.