
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Сарыарқа ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Қасымжомарт Бейсенбай «Астана медицина университеті» КеАҚ-та құқықбұзушылықтардың, оның ішінде буллингтің, сталкингтің, заңсыз бас бостандығынан айыру мен адам ұрлаудың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға 200-ден астам студент қатысты. Кездесу барысында қылмыстық заңнаманың нормалары түсіндіріліп, аталған құқыққа қарсы әрекеттерге құқықтық анықтамалар берілді, қылмыс құрамының міндетті белгілері мен әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың аражігі ажыратылды.

Құқық қолдану тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріліп, жүйелі түрде қудалау, психологиялық қысым көрсету, қорқыту, сондай-ақ адамды өз еркіне қарсы заңсыз ұстап тұру әрекеттерінің саралануы түсіндірілді.Кінәлі тұлғалар үшін құқықтық салдарға және жазаның бұлтартпастығы қағидатына ерекше назар аударылды. Студенттерге қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі және жәбірленушілерді мемлекеттік қорғау шаралары түсіндірілді. Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.




