Қала мен сала

Елордада Үркер елді мекені қалай дамуда?

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Үркер елді мекеніқалай дамып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Астанада 16 елді мекен бар. Әрбір елді мекенде бірқатар бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр: әлеуметтік нысандардың құрылысы, инженерлік инфрақұрылым тарту, жол салу, аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, газдандыру, жарықтандыру орнату, көгалдандыру және т.б. Елді мекендердің дамуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Үркер елді мекенінде шамамен 36 мың адам тұрады. Соңғы жылдары бұл елді мекенде 14,4 шақырым кәріз желісі салынды, оның ішінде жаңа кәріз-сорғы станциялары (КСС) тұрғызылып, орнатылды. Сол сияқты «Ауған кварталы» аумағында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы (10 кВ кернеулі желі – 3,25 шақырым, 0,4 кВ кернеулі желі – 11,5 шақырым) жүргізілді.

Елді мекенде шамамен 88 шақырым газ құбыры тартылып, жүздеген үй газға қосылды. Жыл соңына дейін тағы 87,7 шақырым газ құбырын тарту жоспарланып отыр.

Биыл Үркер елді мекенінде жайлы мектеп пен өрт сөндіру депосы ашылды. Сондай-ақ Н.Хикмет көшесінде тағы бір мектептің, Қожаберген жырау көшесінде балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Осыған дейін «Нұра» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылған болатын.

Сонымен қатар жол салу, жарықтандыру, көгалдандыру, аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Мысалы, қазір Р.Есімжанова көшесінде («Нұра» ДШСК-нің артында) жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылуда. Мұндай жұмыс барлық елді мекенде жүріп жатыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button