Денсаулық

Елордада тұмау ауруы көбейді

Елордада жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруларының маусымдық өсімі байқалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дәрігерлер тұрғындарды профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырады: адам көп жиналатын жерлерде маска тағу, қолды жиі жуу, үй-жайларды желдету, аурушаңдық өсу кезеңінде адам көп орындарға барудан бас тарту. Алғашқы белгілер пайда болғанда, өзін-өзі емдеумен айналыспай, емханаға немесе сүзгі-кабинеттерге жүгіну ұсынылады.

Учаскелік дәрігерге немесе сүзгі-кабинетке уақытылы жүгіну асқынудың алдын алуға, қажетсіз госпитализацияны болдырмауға және стационарларға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау – қазіргі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың маңызды бөлігі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button