Қоғам

Елордада сотталғандар шахматтан турнирге қатысты

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан іріктеу онлайн-турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған іс-шара 2025 жылдың қазан айында Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) бастамасымен өтетін сотталғандар арасындағы IV Континентаралық шахмат чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылды.

Ойындар онлайн-форматта өткізіліп, бұл халықаралық турнир талаптарына барынша жақын жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Турнир қорытындысы бойынша №3 мекемесінің атынан республикалық кезеңде бақ сынайтын үздік ойыншылар анықталды. Жеңімпаздар Қазақстанның ұлттық құрамасына кіруге және әлемнің 60 елінен 100-ден астам түзеу мекемесін біріктіретін «Бостандық жолындағы шахмат» халықаралық чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Шахмат тек стратегиялық ойлауды дамытып қана қоймай, сонымен қатар сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне, өзін-өзі бақылау мен өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button