Елордада республикалық ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және «Қазақстан Даму Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен елордада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Акция Астанадағы №72 мектеп-лицейінде маңында ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті дамыту, азаматтарды еріктілік қызметке белсенді тарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен оны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттыру.
Іс-шара аясында қатысушылар Астананы көгалдандыруға үлестерін қосып, ағаш отырғызды. Жас отбасылар мен қаладағы белсенді тұрғындар қатысты.
Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Балжан Қолғанат акцияға 43 отбасы қатысып жатқанын айтты.
«Отбасы күні мерекесінде №72 мектеп гимназиясының мектеп оқушылары және жас ата-налары арасында Таза Қазақстан акциясын аясында көшеттерді отырғызу шарасын ұйымдастырдық.
Акцияның негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті дамыту, азаматтарды еріктілік қызметке белсенді тарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен оны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттыру және өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету.
Іс-шараға 43 отбасы қатысты. Елордамыздағы жас отбасылардың белсенділігін көріп, көз қуантты», – деді ол.