Ел тынысы

Елордада Құрманғазы оркестрінің гастрольдік концерті өтеді

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Астана қаласына гастрольдік сапарын өткізгелі отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Екі бөлімнен тұратын кештің алғашқы бөлімінде Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет және басқа да дәстүрлі күйші-композиторлардың туындылары, сондай-ақ биыл туғанына 100 жыл толған Н.Тілендиевке, Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған шығармалар орындалады. Екінші бөлімде заманауи шығармалар мен әлемдік классикаға негізделген шығармалар көрермен назарына ұсынылады.

«Бұл концерт – оркестрдің гастрольдік сапары аясындағы маңызды мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнердің тарих пен бүгінгі заман арасындағы рухани көпірі болады», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button