Елорда тынысы

Елордада мектеп жанында спорт алаңы салтанатты түрде ашылды

Астанадағы №75 мектеп-гимназиясында спорт алаңының ашылуы өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Іс-шараға елорданың Есіл ауданы бойынша «AMANAT» партиясы филиалының төрайымы Санира Жүсіпова, жазушы, ақын Әкім Ысқақ, ардагерлер арасындағы гір тасын көтеруден 21 дүркін әлем чемпионы Серік Абдахин, волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытжан Байтөреев, ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар қатысты.

«Жаңа спорт алаңы мектеп оқушыларының спортпен айналысып қана қоймай, елімізге ертеңгі күннің мықты азаматын қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Жаңа оқу жылында дәл осылай жаңа спорт алаңының берілуімен баршаңызды құттықтаймын. Бүгінгі қуаныш бәрімізге ортақ», – деді мектеп директоры Зәмзагүл Рысбайқызы.

Ресми ашылудан кейін спорт алаңында мектеп оқушылары шинкиокушинкай каратэ, гір тасын көтеру, волейбол бойынша өздерінің спорттық өнерін көрсетті.

Айта кетейік, биыл елордада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) жаңартылып жатыр. Бұл жұмыс барлық аудан аумағын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Қазіргі таңда оның басым бөлігі аяқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button