Ел тынысы

Елордада Конституцияның 30 жылдығы аясында «SARAP» клубының отырысы өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аясында «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Жиын барысында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, халықтың құқықтық сауатын арттыру, құқықтық реформалар жүргізу және елімізде кемсітпейтін орта қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.

Іс-шара екі тақырыптық сессия форматында ұйымдастырылды. Бірінші бөлімде құқық бұзудың алдын алуда заңнаманы базалық деңгейде түсінудің маңызы, сондай-ақ демократиялық қағидаттарды нығайтудағы конституциялық реформалардың рөлі айтылды. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру және кемсітуге қарсы заңнама әзірлеу жөніндегі сарапшылардың ой-пікірлері ортаға салынды.

Екінші бөлімде ар-ождан және діни сенім бостандығы, діни қызметті реттеу мәселелері қаралды. ҮЕҰ мен діни бірлестіктерді тіркеу, миссионерлік қызметті құқықтық тұрғыдан реттеу және осы саладағы заңнаманы жаңарту қажеттілігі талқыланды.

«SARAP» эксперттік клубының бұл отырысы мемлекеттік органдар, сарапшылар және азаматтық сектор өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Қатысушылар Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету, кемсітпейтін орта қалыптастыру және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша маңызды пікір алмасып, ұсыныстар білдірді. Кездесу қорытындысында мұндай пікірталас алаңдарының демократиялық қағидаттар мен құқықтық реформаларды ілгерілету жолында мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал ететіні талқыланды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button