Ел тынысы

Елордада батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтуде

Астанада батуттық гимнастикадан жас топтар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарыста еліміздің 9 өңірінен 170-ке жуық жас спортшы бас қосты. 27 тамызға дейін жалғасатын бәсекеде қатысушылар батутта, акробатикалық жолақта, қос мини-трампта жекелей бағдарлама бойынша және синхронды секірулер мен командалық жаттығуда жүлдені сарапқа салады.

«Ел чемпионатында 12 жас және одан төмен, 13-14 жас, 15-16 жас, 17-21 жас санаты бойынша бөлініп, мықтыны анықтайды. Біз бұған дейін наурыз айында Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде жастар арасындағы көпсайыс және жеке жаттығулар бойынша Қазақстан чемпионатын ұйымдастырған едік. Енді жаттығу залымыз саналатын «Думан» кешенінде айтулы доданы қабылдап жатырмыз. Ал Астана қаласының дейгейіне келетін болсақ, кейінгі жылдары қарқынды дамып келеді. Ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында еліміздегі ең үздік үштікке кіріп отырмыз. Ал осы чемпионаттың арқасында 40-тай тәрбиеленушіміз бақ сынап, мол тәжірибе алады деген сенімдемін», – деді Астана қаласының аға жаттықтырушысы Ерлан Жеңісханов.

Дәл қазіргі сәтте Астанамызда осы спорт түріне 150-дей жан ден қойған. Ал №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі жыл сайын 7 жастан бастап оқушыларды тұрақты түрде қабылдайды.

Айта кетейік, жас топтар арасындағы чемпионаттың қорытындысы бойынша, батуттық гимнастикадан ұлттық құрама жасақталатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button