Құқық

Елордада азот тотығын заңсыз пайдалану фактілері тоқтатылды

Нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүзеге асыру мақсатында елорда прокуратурасының бастамасымен Полиция департаменті 15 ойын-сауық мекемесінде рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда қоғамның негізгі мәселелерінің бірі — нашақорлық. Көбіне азаматтар бұл дертке тікелей емес, «азот тотығы» деп аталатын «күлдіретін газды» пайдалану арқылы тартылады

Азот тотығы есірткі затына жатпайды, алайда ол күшті әсер ететін заттарға жатады.

Оны медициналық мақсатта емес қолданғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 440-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүзеге асыру мақсатында елорда прокуратурасының бастамасымен Полиция департаменті 15 ойын-сауық мекемесінде рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде 7 баллон азот тотығы және 14 пакет шариктер (азот тотығымен дем алу үшін пайдаланылады) тәркіленді, 4 тұлғаға ӘҚБтК-нің440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамақ қолданылды.

Нашақорлық және күшті әсер ететін заттардың заңсыз қолданылу фактілерін анықтау мен алдын алу тұрақты негізде жүргізілуде.

Бұл жұмыс елорда прокуратурасының ерекше бақылауында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button