Ел тынысы
Елордада Astana International Forum (AIF) 2025 өтеді

Астанада 29-30 мамыр күндері өңірдегі ең ірі іскерлік оқиғалардың бірі – Astana International Forum (AIF) 2025 өтеді. Форум әлемдік көшбасшылардың, сарапшылардың, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің басын қосады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Astana International Forumқатысушылары Қазақстан астанасына келе бастады. Бес мыңнан астам шетелдік қатысушы келеді деп күтіліп отыр. Олардың қатарында форумға қатысушылар,делегация жетекшілері мен компания басшылары, еріп жүретін тұлғалар мен 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері бар.