Елорда тынысы

Елордада «ASTANA ARCHIVE FEST» форумы өтеді

Астана қаласы әкімдігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің қолдауымен 2025 жылғы 18-19 қыркүйекте Астана қаласының Мемлекеттік архивінің 30 жылдығына арналған «ASTANA ARCHIVE FEST» форумы өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форум барысында архив ісін жетілдіру, архив саласын цифрландыру, қалпына келтірудің заманауи әдістерін қолдану, бірлескен жобаларды ұйымдастыру және кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында тәжірибе алмасуға байланысты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Осыған байланысты Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдиннің бастамасымен шараға дайындық жұмыстары пысықталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button