Әлеумет

Елордада алғаш рет Green Runway Fashion Show өтеді

23 сәуірде халықаралық жасыл технологиялар мен тұрақты шешімдер көрмесі RES 2026 EXPO аясында алғашқы халықаралық Green Runway Fashion Show өтеді. Бұл көрсетілім аймақтық дизайнерлерді халықаралық аренаға шығарып, сән мен тұрақты даму алаңы болмақ. Көрсетілімнің басты ерекшелігі — тірі өсімдіктер мен табиғи элементтер қолданылған сахна. Ол «тірі кеңістік» әсерін туғызып, сән мен табиғат арасындағы байланысты айқындайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға қатысатын дизайнерлер:

  • Татьяна Воротникова (Қырғызстан)
  • Гюльнара Халилова (Әзербайжан)
  • Ләйлі Хаидова (Түрікменстан)
  • Елена Ладик (Өзбекстан)
  • Хуршед Саторов және Нафиса Имранова (Тәжікстан)
  • Айдархан Қалиев (Қазақстан)

Әр дизайнер 10-12 образдан тұратын үш негізгі бағытта коллекциясын ұсынады:

  1. Eco-Heritage — дәстүрлі киімді табиғи маталар мен бояулар арқылы жаңаша көрсету;
  2. Upcycling & Recycling — қайта өңделген материалдардан сәнді киім жасау;
  3. Bio-Design — сирек кездесетін өсімдіктер бейнелері мен табиғи принттерді пайдалану.

Green Runway Fashion Show дизайнерлер, экологтар, инвесторлар және мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалог алаңы болады. Сонымен қатар, ол Орталық Азия мен Әзербайжанның тұрақты сән мен креативті индустрияларды дамыту әлеуетін көрсетеді.

Айта кетейік; RES 2026 EXPO 22-24 сәуірде Астанада өтеді. Көрмеге 30 елден шамамен 300 компания қатысып, 20 000-нан астам қонақ келуі күтілуде. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Ұйымдастыруға Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) қолдау көрсетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button