Ел тынысы

Елордада әлемнің үздік бадминтоншылары сынға түседі

Астанада 17-21 желтоқсан күндері Beeline Арена спорт кешенінде бадминтоннан ірі халықаралық турнир – Astana International Challenge 2025 өтеді. Бұл маусымның ең күтілетін жарыстарының бірі және Бадминтонның Дүниежүзілік федерациясының (BWF) ресми күнтізбесіне енгізілген маңызды спорттық іс-шара, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарысқа АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерін қоса алғанда, 40-тан астам мемлекеттен 200 спортшы қатысады. Әлемнің үздік бадминтон шеберлері рейтингтік ұпайлар мен беделді жүлделер үшін сынға түседі.

Astana International Challenge – BWF International Challenge Series халықаралық сериясының бір бөлігі. Мұнда қатысушылар әлемдік рейтингте маңызды ұпайлар жинай алады.

Көптеген спортшы үшін бұл турнир олимпиадалық циклға және алдағы халықаралық чемпионаттарға дайындықтағы негізгі кезеңдердің бірі болмақ.

Турнирдің Астанада өткізілуі Қазақстанның әлемдік бадминтон картасындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Ұйымдастырушылар ұлттық құраманың дайындық деңгейінің жоғарылағанын және жастар арасында бадминтонға деген қызығушылықтың тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button