Ел тынысы
Елордада 11-12 сәуірде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада 11-12 сәуірде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, түрлі бәліштер мен тәтті тағамдарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.
Арзан жәрмеңке сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.
Келушілерге қолайлы болуы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.



