Құқық

Елорда прокуратурасы инвесторлардың жүйелі мәселесін шешті

Астанa қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аясында жалпы ел көлеміндегі мәселені шешті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Заңнамаға сәйкес, бас жоспар – егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

ЕЖЖ-ні түзету тек инвестициялық келісімшарт жасалып жер учаскесіне құқықтық құжаттар ресімделгеннен кейін, бас жоспарға сәйкес болған жағдайда ғана мүмкін.

Алайда, Жер ресурстарын басқару комитеті (ЖРБК) кейбір жобалар бас жоспарға толық сәйкес келгеніне қарамастан, ЕЖЖ-ге сәйкес еместігін алға тартып, инвесторлармен келісімшарттар жасасудан негізсіз бас тартқан.

Салдарынан инвестор келісімшарт жасай алмай, тиісінше ЕЖЖ-ні де түзете алмаған.

Қадағалау актісінің негізінде ЖРБК-ның бұл тәжірибесі тоқтатылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін бас тарту алған бірқатар инвесторлардың өтінімдері қайта қаралып, келісілді.

Инвесторлар өтініштеріне жедел әрекет ету және оларды қарау үшін 8-7172-71-24-67 нөміріне хабарласа алатындығын еске саламыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button