Құқық

Елорда көшелерінде есірткі жарнамалары боялды

«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында елорда көшелерінде наркограффитилерді бояу бойынша кең көлемді жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акцияны Алматы ауданының әкімдігі аудандық прокуратурамен, полициямен, «AMANAT» партиясымен және «Астана жастары» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Мақсат – жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту, қаланың тазалығын сақтау, сондай-ақ салауатты әрі белсенді өмір салтын насихаттау.

Ерекше назар жастарды құқықбұзушылықтың алдын алуға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бастамаларға тартуға аударылды.

«Мұндай акциялардың маңызы зор. Олар қаланың тазалығы мен тәртібін сақтаумен ғана шектелмейді. Біз бұл бағыттағы жүйелі жұмысты мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және белсенді жастармен бірлесе жалғастырамыз», – деді Алматы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы.

Осындай акциялар елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button