Ел тынысы

Еліміздің бірнеше өңірінде жаңа стадион салынады

Алматы қаласында тағы жеті қалада жаңа стадион салынады. Бұл жаңалықты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бөлісті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— Алматыда жаңа стадион құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ жеті қалада жеті стадион салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл күзде Қызылордада УЕФА стандартының үшінші санатына сай келетін стадион пайдалануға беріледі, — деді Ербол Мырзабосынов Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, аталған бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды.

— Жобалау жұмысы аяқталғаннан кейін стадиондардың құны белгілі болады. Жалпы Мемлекет басшысы шетелдегі жекеменшік клубтардың тәжірибесіне сүйене отырып, стадионды мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырмау жөнінде міндет қойды, — дейді ведомство басшысы.

Бірнеше күн бұрын Алматыда 35 мың орындық жаңа стадион қайда салынатыны белгілі болған еді.

Сондай-ақ Қызылордада UEFA стандартындағы жаңа стадион құрылысы аяқталуға жақын.

Фото: centralstadium.kz

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button