Құқық
Елімізде зорлық-зомбылықпен күрес күшейді

Елімізде зорлық-зомбылықпен күрес күшейіп, арнайы бөлімшелер құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұзақылықпен күресті күшейту мақсатында елде арнайы қабылдау орындарының саны артады. Соңғы жылдары отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы түбегейлі қайта қаралды.
— Енді бұл жұмыс анықтау сипатына ие болды. Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыс ретінде қарастырылатын болды. Нәтижесінде тұрмыста жасалатын көптеген құқық бұзушылықтарға жол берілмеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін арнайы бөлімшелер құрылды. Бұзақыларды оқшаулауға арналған арнайы қабылдау орындарының санын көбейту секілді өзге де шаралар қабылдануда, — деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.