Елімізде ЖОО-ларда жасанды интеллект пәндері енгізіліп жатыр

Бүгінгі күні 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр. 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектіні қолдану дағдылары енгізілді. Қазірдің өзінде 95 жоғары оқу орны оқу жоспарына жасанды интеллект пәндерін енгізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Оның айтуынша, әзірленген бағдарламалар әлемдік технологиялық трендтерге сәйкес келеді.
Сонымен қатар, оқытушылардың біліктілігін арттыру жүріп жатыр. Профессорлық-оқытушылар құрамының 54% жасанды интеллект бойынша курстардан өтті.
Жасанды интеллект бойынша әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерін толық қамтыды.