Ел тынысы

Елімізде су жаңа банк пайда болды

Елімізде су жаңа банк пайда болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оңтүстік Кореяның BNK Financial Group Inc. құрамына кіретін BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы банкке айналды.

Жаңа мекеме «BNK» коммерциялық банкі» деген атауға ие. Тұсаукесерін қазақ және ағылшын тілінде жасаған қаржылық ұйым тек шағын және орта бизнеске кредит бермек.

Қайта құру сәтінде банк активтері – 25,8 млрд теңге, кредиттік портфель – 21,8 млрд теңге болды.

Бұл Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банктік лицензия.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button