Ел тынысы

Елімізде химия өнімдерінің экспорты артып келеді

Еліміздің химия өнеркәсібінде 1093 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірісі – 12, орташасы – 21 және шағыны – 1060, бұл шағын өндірістердің басым екенін және шоғырландыру мен жаңғырту әлеуетін көрсетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2019-2024 жылдар аралығында химия өнеркәсібіне 1,7 трлн теңге инвестиция – негізінен жеке инвестиция салынды. 2025 жылдың басынан бастап салаға салынған инвестициялар көлемі 50,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен – 2,6 млрд теңге және жеке инвестициялар есебінен – 48,1 млрд теңге салынды. Бүгінгі таңда химия саласы әртүрлі бағыттағы химиялық өнімдердің 240-тан астам аталымын шығарады, олардың арасында агрохимия маңызды орын алады.

Агрохимия секторы шығарылатын өнімнің жалпы көлемінің 22,5%-ын қамтамасыз етеді әрі бүкіл саланың өсуінің негізгі қошғаушы күші ретінде қызмет етеді. Бұл халық санының өсуіне және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аграрлық өнімге әлемдік сұраныстың артуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту қажеттілігіне байланысты.

2024 жылы Қазақстан химиялық тауарлардың 205 түрін экспорттады. Қазақстандық химия өнімдерін негізгі импорттаушы елдер – Қытай, Ресей және Вьетнам. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында ірі өндірістерді: полиэтилен, карбамид өндіру зауыты – «ҚазАзот Prime» ЖШС, бутадиен және оның өнімдерін өндіру бойынша – «Бутадиен» ЖШС, сондай-ақ тазартылған терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі жүзеге асыру басталды. Калий және фосфорит кен орындарын игеру бойынша жобалар белсенді жүзеге асырылуда. Негізгі инвесторлардың қатарында QazaqKalium Ltd және SRPM (БҚО-дағы «Сатимолла» кен орны), сондай-ақ фосфориттер саласында – «Еврохим-Қаратау» ЖШС (аммофос және NPK), «Созақ-Фосфат» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС бар. Сала экономикаға мультипликативті әсер етеді – ол ТМК, қышқылдар, катализаторлар, бояу материалдары, химиялық реагенттер мен тыңайтқыштар өндірісімен тығыз интеграцияланған. Осы секторларды өзара қолдау өнеркәсіптік кооперацияны күшейтеді және түпкілікті өнімнің сапасын арттырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button