Құқық

Елімізде есірткімен байланысты қылмыс саны 2,8% өскен

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында 8 айда есірткі қылмыстарының саны 2,8% артқанын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Оның ішінде айналымға шығарылатын синтетикалық есірткінің көлемі үш есе артты (372 кг-нан 1,1 тоннаға дейін). 7 миллионнан астам доза есірткі заңсыз айналымға жіберілмеді. 105 жасырын есірткі зертханасы жойылды (2024 жылы – 43), олардың 12-сі (2024 ж. – 28) синтетикалық есірткі өндірумен, ал 93-і фитозертхана болған. Жалпы 24 мың тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді, — деді комитет өкілі.

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері есірткі тасымалының 114 өңіраралық арнасы анықталып, 2 халықаралық арна жабылғанын атап өтті.

— Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 26 қылмыстық іс қозғалды (2024 ж. – 11). Олардың олардың бесеуі трансұлттық деңгейде (2024 ж. – 2), — деді Қуандық Әлжанов.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button