Ел тынысы

Электр көлігінің жол картасын әзірлеу семинары

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық қаржы корпорациясының бірлесіп «Қазақстанда 2025-2035 жылдарға арналған электр көлігінің жол картасын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Семинар барысында 2025 жылға дейін Қазақстанда электромобилділікті дамыту бойынша Жол картасын әзірлеу аясында жүзеге асырылған деректерді талдау және сценарилік модельдеу барысында алынған аралық нәтижелер мен қорытындылар ұсынылды. Сондай-ақ елдегі электромобильдер мен зарядтау инфракұрлымын пайдалануды кеңейтудің перспективалары талқыланды. Бұдан басқа ХҚК сарапшылары литий-ионды батареяларды қайта өндеу және кәдеге жарату бойынша талдау жобасын әзірледі, олар батареядан бағалы металдарды барынша алуға мүмкіндік беретін ең үздік технологияны іріктеп алуға мүмкіндік береді. Министрлік аталған жобаға ескертулерді беріп, олар ХҚК қарастыруында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button