Елдегі ірі жәрмеңкелер маңызды өнімдердің бағасын тұрақтандыруда

Өткен демалыс күндері еліміздің барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтті. Қазақстанның барлық аймақтарында 95 нүктеде 1400-ден астам фермер өз өнімдерін ұсынды. Мұндай жәрмеңкелердің басты ерекшелігі — әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін делдалсыз және үстеме бағасыз тікелей сатып алуға болады, деп хабар
Сиыр еті жәрмеңкеге келушілердің ең көп сұранысына ие болды. Еліміз бойынша шамамен 170 тонна ет сатылды. Ел астанасы сиыр етін сату көлемі бойынша көшбасшы, Мұнда тұрғындар келісі 3100-3500 теңгеге аралығында шамамен 60 тонна ет сатып алды. Алматыда 3100-4000 теңгеге аралығында 25 тонна сиыр еті сатылды. Аймақтарда баға айтарлықтай төмен болды: Батыс Қазақстан облысында 2500-2800 теңге, Қызылорда және Түркістан облыстарында 2500 теңге, Павлодар облысында 2300-2600 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 2700-3200 теңге аралығында ет сатылды.
Картопқа да жоғары сұраныс байқалды. Еліміз бойынша 400 тоннадан астам картоп сатылды. Аймаққа қарай өнім бағасы килограммына 100-ден 230 теңгеге дейін өзгерді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің өткізілу әлі жалғасады. Төртінші тоқсанда шамамен 1700 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Олар сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ барлық мереке күндерінде өтеді. Отандық өндірушілерге сауда орындары тегін беріледі.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері фермерлерді қолдаудың және бағаларды тұрақтандырудың тиімді құралы болып қала береді. Тұрғындар осындай іс-шараларға қуана қатысып, сапалы және жаңа өнімдерді өндірушілерден тікелей қолжетімді бағада сатып алуда.