Ел тынысы

Елдегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Елордада жұмысшы мамандықтары жылы аясында 22 тамызда жастарға арналған еліміздегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараны «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты елорда әкімдігімен бірлесіп ұйымдастыруда. Негізгі мақсат – мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі – жастарды лайықты жұмыспен қамту және адами капиталды дамыту.

Жәрмеңке 22 тамыз күні Кенесары көшесі, 32 мекенжайында орналасқан елордалық Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында өтеді.

Бұл жәрмеңке жастар мен бизнес арасындағы тікелей диалог алаңына айналып, жас мамандарға экономиканың нақты секторында өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

Әртүрлі саладан 70-тен астам жұмыс беруші 1000-нан аса өзекті бос жұмыс орнын ұсынады.

Қатысушылардың қатарында еліміздің жетекші ұлттық компаниялары бар: «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «DAR RAIL» ЖШС, «Home Credit Bank» АҚ, «IntegraConstruction KZ» ЖШС, «Қазмедиа орталығы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Astana Hub және басқа да ірі ұйымдар.

Жәрмеңкенің өтуі жүздеген жас қазақстандықты жұмыспен қамтуға ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға және ел экономикасын нығайтуға қуатты серпін береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button