Ел тынысы

Елде құлан популяциясы қалпына келтірілді

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, елімізде құлан популяциясын қалпына келтіру 70 жыл бұрын басталған. ХХ ғасырдың ортасында бұл жануарлар ел аумағынан толықтай жойылып кетті. 1953 жылы Түрікменстаннан Барсакелмеске 7 құлан әкелініп, түрді табиғатқа қайта қайтару жөніндегі жүйелі жұмыстың бастамасы болды.

«Ғалымдар мен табиғатты қорғау ұйымдарының көпжылдық еңбегінің нәтижесінде Қазақстанда құлан популяциясы жетерліктей қалпына келтірілді. Бүгінде олардың саны 4,6 мың бастан асып, жануарлар қайтадан дала және шөлейт экожүйелерінде кеңінен таралуда», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, 2024 жылы «Алтын Емел» ұлттық паркінен 42 құлан «Іле-Балқаш» резерватына және 24 құлан «Алтын Дала» резерватына қайта қоныстандырылды. Биыл күзде тағы 17 құлан «Іле-Балқаш», 19 құлан «Алтын Дала» резерваттарына жеткізілді. Бұл шаралар жергілікті популяциялардың тұрақтылығын арттыруға және түрдің тарихи таралу аймақтарында экологиялық байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button