Ел тынысы
Елде инфляция қарқыны төмендеді

Биыл елде жылдық инфляция төмендеп, 12,4 пайызға тұрақтады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ол инфляцияға азық-түлік тауарлары бағасының өсуі ықпал етіп отырғанын айтты. Жылдық көрсеткіш 13,4 пайызға жеткен.



