Ел тынысы

Елде азық-түлік өндірісі 8,7%-ға артты

2025 жылдың 11 айында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,5 трлн теңгеге (+8,7%), ал сусындар – 1,1 трлн теңгеге (+9,2%) жетті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл 40 жоба жүзеге асырылуда, оның 29-ы пайдалануға берілген. Негізінен, бұл майлы дақылдар, ет, жеміс-жидек, жүн өңдейтін кәсіпорындар, сондай-ақ құрама жем өндірісі.

«Біз шикізат бағытынан бас тартып, жоғары қосылған құны бар өнімдер өндіруді бастаймыз. Жаңа зауыттар ет, сүт, жүн, майлы дақылдар, жемістерді өңдейді. Бұл қазақстандықтарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді», — деді Айдарбек Сапаров.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button