Ел тынысы
Ел экономикасы 6% өсті

Жыл басынан бері ел экономикасы 6%-ға өсті: 12 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жыл басынан бері ЖІӨ-нің 6%-ға өсуі соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш екенін атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, 5 айдың қорытындысы бойынша 12 жылда алғаш рет 6 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Сыртқы факторлардың болуына қарамастан – бұл геосаяси жағдайдың және көмірсутектер мен минералдық ресурстардың әлемдік бағасының өзгеруі, бұл қаражат бізге қол жеткізілген қарқынды сақтап қалуға мүмкіндік береді»,
— деді вице-министр депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып.