Елорда тынысы

Ел дамуындағы азаматтық сектордың рөлі талқыланды

«Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне» орай елордада «Әділетті Қазақстанды құру жолындағы азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиынның мақсаты – азаматтық қоғам институттарының ел дамуына қосып жатқан үлесін талқылау, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудағы ҮЕҰ-дың рөлін айқындау.

Іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары – Бибигүл Жексенбай, Мұрат Әбенов, Павел Казанцев, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, азаматтық сектордың қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі, халықтың осал топтарын қолдаудағы және қоғамдық диалогты дамытудағы маңызын атап өтті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің айтуынша, елордада бүгінде 3,5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Онда ресми дерек бойынша 35 мыңға жуық адам қызмет етеді. Сонымен қатар ол елордадағы ҮЕҰ-дардың ерекше еңбегін де атап өтті.

-Астана қаласы – ерекше мәртебеге ие елорда. Сондықтан мұнда тіркелген ҮЕҰ-дардың да мүмкіндігі мол. Әрбір елордалық ұйым жоғары біліктілікке ие және орталық мемлекеттік органдармен күнделікті өзара барыс-келіс жасайды. Олар Сенат пен Мәжіліс депутаттарымен, барлық деңгейдегі мәслихаттармен, Үкімет мүшелерімен, агенттіктермен және мемлекеттік басқарудың өзге де институттарымен тікелей байланыс орната алады. Осыған қарап, біз ҮЕҰ-дарды стратегиялық маңызы бар серіктестеріміз деп сеніммен айта аламыз. Соңғы екі-үш жылдың өзінде 200-ден астам жобаны бірлесіп жүзеге асырдық,- деді қала әкімінің орынбасары.

Жиында Қазақстан азаматтарының альянсы және өзге де қоғамдық ұйымдардың елдегі реформаларды түсіндіру, конституциялық өзгерістерді насихаттау бағытындағы белсенді жұмысы ерекше аталды. Қатысушылар азаматтық қоғам институттары мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір екенін, алдағы уақытта да бірлескен жобалар арқылы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосады деген сенім білдірілді. Іс-шара соңында ҮЕҰ өкілдеріне алғыс білдіріліп, азаматтық секторда белсенді жұмыс істегендер марапатталды.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button