Астанадағы №1 сайлау учаскесінде дауыс берген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Ардақ Бейсенбай өз таңдауын ел болашағымен байланыстыратынын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Оның айтуынша, бүгінгі дауыс беру – елдің, әсіресе жастардың болашағы үшін маңызды қадам.
«Бүгін елдің болашағы үшін, ел қамы үшін өз таңдауымызды жасадық. Бұл – еліміздің, әсіресе жастардың келешегі үшін үлкен қадам деп ойлаймыз. Сондықтан бұл шешімге сеніммен қарадық. Референдум алдында Конституцияның, яғни Ата заңның толық жобасымен таныстық. Соған сүйене отырып, бұл бағыт дұрыс деп есептеймін. Сол себепті өз қолдауымды білдіріп, дауыс бердім», – деді Ардақ Бейсенбай.


