«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» байқауы қорытындыланды

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл конкурсты жыл сайын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп Экологиялық мәдениетті дамытудың «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізеді.
Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдары арасында эко-бағдарланған қызметте және орнықты дамуда бастаманы қалыптастыру болып табылады.
Бекітілген Ережеге сәйкес Конкурс аймақтық және ұлттық кезеңдерде өткізілді.
Бірінші орын – Қарағанды облысы Білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
Екінші орын – Қостанай облысы Білім басқармасының Узункөл ауданы Білім бөлімінің ҚГУ «№ 1 Ұзынкөл жалпы орта мектебі» КММ;
Үшінші орын – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ «Мамлют ауданының білім бөлімі» «Белое орта мектебі» КММ.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтайды және экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан белсенді ұстанымы мен үлесі үшін педагогикалық ұжымдарға, оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіреді.
Экологиялық білім берудің ұсынылған тәжірибелері – мектептегі экологиялық клубтар мен жобалық қызметтен бастап қалдықтарды бөлек жинауға және еріктілер бастамаларына дейін – өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі мен тұрақты мінез-құлық әдеттерін қалыптастыратынын атап өтеміз.
Жеңімпаздардың тәжірибесі бүкіл ел бойынша білім беру ұйымдары үшін үлгі болатынына және күнделікті өмірде «Таза Қазақстан» қағидаттарын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз. Барлық қатысушыларға жаңа бастамалар, жобаларды табысты іске асыру және Қазақстанның экологиялық жауапты болашағы жолында одан әрі жетістіктер тілейміз.



