Қоғам

Экология – ертеңгі емес, бүгінгі мәселе

Бүгінде әлем елдері дабыл қағып отырған маңызды мәселелердің бірі – экология. Бұл – болашақтың емес, бүгінгі күннің шұғыл шешімді қажет ететін проблемасы.

Кез келген мемлекеттің дамуы тек экономикамен өлшенбейді. Қоғамның өмір
сүру сапасы табиғат пен қоршаған ортаның жағдайымен тікелей байланысты. Ауаның ластануы, судың тартылуы, орман-тоғайдың азаюы, қалдықтың көбеюі күн сайын адамзат алдында экологиялық жауапкершілікті арттырып отыр. Табиғат өз үнін жеткізіп жатыр, ал оған құлақ асу – әр адамның парызы. Қазақстан да бұл мәселені айналып өте алмайды. Көптеген аймақтарда экологиялық ахуал алаңдатарлық. Жердің тозуы, өндіріс қалдықтарының бейберекет төгілуі, жасыл желектің азаюы нақты шараларды талап етеді. Жасыл экономика, қалдықты сұрыптау, энергияны үнемдеу сияқты бастамалар іске
асқанымен, қоғамдық сана мен мәдениет әлі де жетіле түсуі керек. Экология – тек ғалымдардың немесе биліктің емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Табиғатты сақтау – өз болашағымызды сақтау.

Жерді күту – өз ұрпағымыздың амандығына жол ашу. Себебі экология – ертең басталатын емес, бүгін шешілмесе, кеш болатын мәселе.

Сабина АЛИХАНОВА

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button