Қоғам

Экология — ел тағдыры

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Экология – ел тағдыры» атты кітап көрме бұрышы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас оқырмандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатқа ұқыпты қарау идеясын насихаттау болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрме бұрышында экология, табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық жағдайына арналған танымдық және көркем әдебиеттер қойылды. Ұсынылған кітаптар арқылы жас оқырмандар экологиялық мәселелердің маңызын түсініп, табиғатты аялаудың әр адамның азаматтық борышы екенін ұғынды.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері көрмеде ұсынылған әдебиеттерге қысқаша шолу жасап, экологиялық тазалықтың адам өміріндегі орны, табиғатты қорғаудың қарапайым жолдары туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Оқырмандар экология тақырыбындағы кітаптармен танысып қана қоймай, өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтарына жауап алды.

Аталған көрме бұрышы жас ұрпақты табиғатты сүюге, экологиялық сауаттылықты арттыруға және «Таза Қазақстан» акциясының маңызын терең түсінуге бағытталды. Іс-шараға қатысқан оқырмандар экологияға бейжай қарамау, тазалықты сақтау және туған өлкеге жанашырлықпен қарау қажеттігін сезінді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button