Қоғам

Аквариумистика бойынша екінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Астанада Ailand астаналық океанариумының бастамасымен аквариумистика бойынша екінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Конференция жетекші ғалымдарды, океанариум өкілдерін, аквариумистиканы және теңіз гидробионттарын ұстау және өсіру саласындағы мамандардың басын қосты.

Негізгі спикерлердің бірі Санкт-Петербург океанариумының жетекші маманы, биология ғылымдарының кандидаты Олег Юнчис болды.

Ол аквариумдардағы акулаларды емдеуге қатысты баяндама жасады, сонымен қатар өзінің бақылаулары мен практикалық ұсыныстарын ортаға салды.

Астанада өткен іс-шараға түрлі елдерден, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Индонезия және басқа да мемлекеттерден ірі океанариумдар мен зерттеу орталықтарының өкілдері келді.
Конференция аквариум және аквамәдениет саласындағы мамандардың басын қосып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, ғылыми және коммерциялық жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, Қазақстанда ғылымның дамуына ықпал етеді.

Талқылау барысында Астана океанариумының ұжымы Ailand медузаларды, балықтарды және гидробионттардың басқа да түрлерін өсіру тәжірибесін ұсынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button