Ел тынысыСаясат

Eira Med ұжымы Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Елорданың Алматы ауданында орналасқан Eira Med медициналық орталығының ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Eira Med – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді мақсат еткен заманауи медициналық орталық. Мекемеде диагностикалық, емдік-профилактикалық қызметтер көрсетіліп, тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек ұйымдастырылған.

Кездесуге медицина өкілі Сабит Абдраимов және Халық партиясының өкілі Сұлтанбек Құдабай қатысты.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды. Конституцияға енгізілген өзгерістердің денсаулық сақтау саласын дамытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны атап өтілді.

«Конституциялық реформалар – елдің тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам. Мемлекет тарапынан азаматтардың денсаулығын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде. Ашық қоғам мен әділетті экономика – болашақ дамудың негізгі кепілі», – деп атап өтті Сұлтанбек Құдабай.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру және кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, конституциялық реформалардың қоғам дамуы үшін маңызын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button