Егісті әртараптандыру жұмыстары күшейтілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында елімізде өсімдік шаруашылығында тиімділікті арттыруға және тұрақты өндірісті дамытуға бағытталған жүйелі өзгерістер қолға алынуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Саланың негізгі міндеттерінің бірі — егіс алқаптарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу. 2025 жылы бидай егістігінің көлемі 884,6 мың гектарға қысқарып, 12,3 млн гектарды құрады. Ал майлы дақылдар көлемі 1 млн гектарға артып, 4 млн гектарға жетті. Сонымен қатар қант қызылшасының егіс құрылымын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мемлекет басшысы жыл сайын 150 мың гектарға дейін су үнемдейтін технологияларды енгізуді тапсырған болатын. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл жоспар артығымен орындалып, 158 мың гектарды құрады. Ал биылдың өзінде су үнемдейтін технологиялар 109,8 мың гектар алқапқа енгізілді. Жалпы алғанда, мұндай технологиялар қолданылатын жер көлемі 580 мың гектарға дейін ұлғайды», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Осылайша, Қазақстанда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мен заманауи технологияларды енгізу арқылы өнімділік стандарттары жаңартылып, ауыл шаруашылығында жаңа даму бағыты қалыптасуда.
Айта кетейік, мал шаруашылығы АӨК-тің жалпы өнімінің 40%-ын қамтамасыз етіп отыр.