«Егемендік – елдіктің бастауы» дәрісі өткізілді

Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында, сондай-ақ Республика күнін және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеу құрметіне Клубтың кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазақстан-Британ техникалық университетінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Әлия Елшібай Агенттік қызметкерлері үшін «Егемендік – елдіктің бастауы» деген тақырыпта дәріс-сабақ өткізді.
Сөз сөйлеу барысында Республика күнін атап өтудің тарихи маңызы атап өтілді. Спикер егемендік пен тәуелсіздік ұғымдарының айырмашылығы мен мәнін жан-жақты талдап берді.
Отырыс аясында ұлттық бірегейліктің маңызды элементі және Тәуелсіздік символы ретінде қазақ тілінің рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар кәсіби ортада тіл мәдениетін дамыту патриотизмді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге ықпал ететінін атап өтті.
Сөйлесу клубының отырыстары кәсіби ортада қазақ тілінің дамуына ықпал етеді және қызметкерлердің ел тарихы мен мәдениеті туралы білім деңгейін арттырады.



