Ел тынысы

Дзюдошылар қоржынға алғашқы медальды салды

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада екі студентіміз қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дзюдо жарысында Баишев университетінің студенті Аман Бақытжан 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін сынға түсіп, гүржілік балуан Лука Модебадзені жеңіп, қола медальға ие болды.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің студенті Нұрқанат Серікбаев 66 келі салмақ дәрежесінде украиналық Микита Холобородконы жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Спортшы-студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button